Кіріспе сөз


Нархоз университетінің ғылыми-зерттеу қызметінің сферасы әралуан. Ол экономика, қаржы, менеджмент, құқық, аймақтану, социология, экология, data sciencе және басқа да бағыттарды қамтиды.

Университеттің ғылыми қызметі зерттеу орталықтары, зертханалар мен ғылыми зерттеу институттарының базасында қалыптасады. Ғылыми зерттеу орталықтары мен ғылыми зерттеу институттарының мәліметтері университет арасындағы әріптестік пен факультеттердегі пәнаралық зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Нархоз университеті Қазақстандағы білім және ғылыми қызметті дамытуға тұрақты үлес қосу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлемдік ғылыми кеңістікке кіру процесін жеделдету мақсатын көздейді.

Университеттің ғылыми қызметін үйлестіру Қолданбалы зерттеулер институты (ҚЗИ) бөлімшесіне жүктелген.

Бізді университетіміздің Бизнес мектеп ғимаратынан (каб. 310/314) таба аласыздар немесе бізге ari@narxoz.kz электрондық поштасына жазсаңыз болады.