English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

ДОКТОРАНТУРАҒА (PHD) ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 - 2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА

Докторантураға «Магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер қабылданады
Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі
  • Нархоз Университетінің ректорының атына өтініш (еркін формада);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • бакалавр және магистр дипломдарының көшірмесі (қосымшада);
  • резюме (CV,түйіндеме);
  • жалпы еуропалық құзіреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілін білуін растайтын халықаралық сертификат (төменде қараңыз);
  • ғылыми жарияланымдар мен ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
  • отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген ұсынылып отырған диссертациялық зерттеудің (research proposal) негіздемесі (негіздеменің мазмұнына қойылатын талаптар туралы толығырақ «қабылдау емтиханын өткізу тәртібі» бөлімін қараңыз) (төменде көрсетілген);
  • өлшемі 3x4 сантиметр болатын алты фотосурет;
  • 086-У нысандағы медициналық анықтама;
  • кадрлардың жеке парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек кітапшасының көшірмесі);
  • қосымша құжаттар: хаттар, медальдар, патенттер, куәліктер, ғылыми-әдістемелік жұмыс (оқу құралдары және т.б.). бар болған жағдайда

Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Құжаттарды қабылдау: 6 шілдеден 24 шілдеге дейін

Докторантураға үміткерлер шет тілін білудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:
ағылшын тілі
неміс тілі
француз тілі
IELTS, шекті балл – 4,5 кем емес;
TOEFL Institutional Testing Programm (ITP) – кемінде 138 балл;
TOEFL Internet-based Test (IBT) – 1кемінде 32 балл,
TOEFL Paper-based testing (PBT) – кемінде 400
TOEFL Paper-delivered testing (PDT) – кемінде 47
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/
деңгей В2), TestDaF-Prufung) (Niveau В2/ В2 деңгейі);

Test de Franзais International™ (TFI) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес),
Diplome d'Etudes en Langue franзaise (DELF), B2 деңгейі),
Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF), C1 деңгейі),
Test de connaissance du franзais (TCF) – кемінде 400
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімін университеттің қабылдау комиссиясы тексереді.
Қабылдау емтиханының тәртібі
Докторантураға түсушілер өз профилі бойынша бір қабылдау емтиханын тапсырады. Емтихан емтихан комиссиясымен әңгімелесу түрінде ауызша жүргізіледі.

Докторлық бағдарламалардың ерекшелігін - білім беру және ғылыми жұмыстардың жиынтығын ескере отырып, ұсынылған диссертациялық зерттеудің негіздемесі (research proposal) бойынша сұрақ емтихан билеттеріне енгізіледі.

Емтихан билеті үш сұрақтардан тұрады, олардың екеуі таңдалған оқыту саласы бойынша нақты білім деңгейін анықтауға бағытталған, ал бір сұрақ кандидаттың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге даярлық дәрежесін анықтауға мақсатталған. Бұл сұрақтың мазмұны келесілерді қамтиды:

- зерттеу тақырыбы; зерттеу мәселесінің өзектілігі;
- мәселенің білімділік дәрежесі (ғылыми әдебиетке шолуға негізделе отырып);
- зерттеудің мақсаты мен теориялық негізі;
- зерттеу әдіснамасы;
- күнтізбелік жоспар мен ықтимал болашақ ғылыми кеңесшілерді көрсете отырып, зерттеудің іске асырылуын негіздеу.
Емтихан комиссиясының құрамына жетекші ғалымдар - доктор дәрежесі бар оқытушылар, сондай-ақ Нархоз университетінің профессорлары мен зерттеушілері кіреді.
Қабылдау емтиханы
10 тамыздан 14 тамызға дейін, оқуға қабылдау - 2020 жылдың 28 тамызына дейін.

Стандартты Graduate Record Examinations GRE тесті жарамды баллдары бар халықаралық сертификатын алған үміткерлер докторантураға түсу емтиханынан босатылады. GREнің шекті баллдары:

Quantitative Reasoning – кемінде 164 балл.
Verbal Reasoning – кем дегенде 145 балл.
Analytical Writing – кемінде 2 балл.

Ұсынылған куәліктердің түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімін қабылдау комиссиясы тексереді
1
Қабылдау
Докторантураға оқуға қабылдау жалпы еуропалық құзіреттіліктерге (шет тілін білу стандарттарына) сәйкес шет тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат негізінде және докторантура білім беру бағдарламасынының профильдік тобына түсу емтиханының нәтижелері бойынша мүмкін болған 100 балдан кем дегенде 50 балл жинау арқылы жүзеге асырылады

Мемлекеттік білім беру тапсырысына (мемлекеттік грантқа) конкурстық негізде оқуға түсу емтиханы бойынша 75-тен кем емес балл жинаған адамдар қабылданады.

Мемлекеттік грант бойынша оқуға түспеген, бірақ өтпелі баллды алған үміткерлер емтихан комиссиясының қорытындысы бойынша ақылы негізде оқуға ұсынылуы мүмкін.
2
Апелляция
Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссияның төрағасына докторантураға түсуге үміткер адам береді. Емтихан материалдарының мазмұнына және техникалық себептерге байланысты өтініштер қабылдау емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және өтініш түскен күннен бастап бір күн ішінде апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия әр өтініш берген үміткермен жеке жұмыс істейді. Егер өтініш берген үміткер апелляциялық комиссияның отырысына келмесе, оның шағым беру туралы өтініші қаралмайды. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде өтініш берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Университеттің апелляциялық комиссиясы апелляция нәтижелерін сәйкесінше ұсыныс қабылданғаннан кейін бір күн ішінде осы ұсыныстың негізделуін қарастыратын және шешім қабылдайтын республикалық апелляциялық комиссиясына жібереді.
3
Нархоз университеті докторантурасының артықшылықтары
  • инновациялық білім беру ортасында оқыту
  • білім беруші профессорлардың сапалы құрамы
  • шетелдік университетте ғылыми тағылымдамадан өту
  • оқыту және зерттеу үшін барлық қажетті ресурстардың болуы; жоғары деңгейдегі инфрақұрылым
  • «Қаржы» «Есеп және аудит», «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестердің болуы.
  • шет жақтан келген студенттер үшін жатақхананың болуы

Қабылдау сұрақтар
Байланыс мәліметтері
Телефон: +7 7770231515
e-mail: agipa.monobaeva@narxoz.kz
ст. Жандосова, 55 1-ші шағын аудан, 81, Алматы, Қазақстан, 050035
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
© НАРХОЗ - 2020. Барлық құқықтар сақталған
Разработано в Digital студии Макатова
Vectors and graphic: icons8.com
БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
ТАЛАПКЕРГЕ
МЕКТЕПТЕР