English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

Қашықтан оқу

Құрметті Университет сайтының қонақтары!
Нархоз Универсиетінің қашықтан оқыту бағдарламаларына құжат қабылдау осы жылдың 1 маусымынан басталады.

Университетіміз Сіздерге қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқыту бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде оқу мүмкіндігі бар мынадай білім беру бағдарламаларын ұсынады:
Жоғары білімі бар тұлғалар үшін, оқу жылы - 2 жыл
1. Заң
2. Мемлекеттік басқару
3. Қаржы
4. Есеп және аудит
5. Менеджмент
6. Экономика
7. Программалық инженерия
8. Әлеуметтік жұмыс

Техникалық және кәсіби арнайы орта білімі бар (колледжден кейін) тұлғалар үшін, оқу жылы - 3 жыл
1. Заң
2. Қаржы
3. Есеп және аудит
4. Менеджмент
5. Экономика

Қашықтан оқу технологияларын пайдаланып білім алудың көптеген артықшылықтарының бірі - күндізгі оқу бөлімі студенттерімен бірдей дәрежеде білім алу мүмкіндігі. Заманауи коммуникацияның арқасында оқытушылар мен студенттер виртуалды сыныпта бір-бірімен өзара қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне ие, онда әр студент теориялық материалдармен танысып, шынайы өмірден алынған мысалдарды талқылап, өз бетімен орындайтын жұмыстар бойынша оқытушының ұсыныстарын тыңдай алады, сұрақтарды оқытушымен бірге талқылай алады.
Қашықтан оқу форматын таңдауда адамның өзін-өзі басқару тәртібі маңызды фактор болып есептеледі. Себебі оқу уақытының икемділігі тыңдаушыларды сабақ кестелерімен, дәрісханаға келу сияқты шектеулермен шектемейді, уақытты және орынды өзінің қалауына қарай таңдайды.
Әдеттегі дәріс материалдарының орнына біз тыңдаушыларымызға видео-дәрістер мен презентациялар, қосымша материалдарға сілтемелер ұсынамыз. Ал практикалық тапсырмалар оқылған білімді өз бетімен бекітуге көмектеседі.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қашықтан оқудың артықшылығы неде?
1. Қол жетімділік: әлемнің кез келген бұрышында отырып, сапалы білім алу мүмкіндігі. Бұл әсіресе Қазақстанның тұрғындары үшін өте өзекті мәселе.
2. Икемділік: тыңдаушылар өзіне ыңғайлы жерде, ыңғайлы уақытта және өзіне ыңғайлы қарқынмен оқи алады. Әрбір тыңдаушы пәнді меңгеруге қанша уақыт керек болса, сонша уақыт бөле алады.
3. Уақытты үнемдеу: сізге өзіңіздің жеке оқу кестеңізді жасап алуға болады. Оқу материалдарының толық кешені: видеолар, видеоконференциялар мен форумдар - тікелей визуалды қарым-қатынастың орнын толтырады.
4. Технологиялық: оқу барысында ақпараттық технологиялар мен программалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігі.

Оқу үшін не қажет?
1. Компьютер немесе ноутбук, ғаламторға шығу мүмкіндігі.
2. Камера, құлаққап және стандартты программалар: Windows 7 және одан жоғары, Adobe Flash Player, архивациялау программалары, мультимедиялық программаларды сүйемелдеу.
3. Өз бетімен оқуға талап.
4. Өзіне деген қатаң тәртіп.

ҚБТ курстарына тіркелу үшін қандай құжаттар керек?
Онлайн тіркелу және алдын ала төлем
Сабақтар қалай жүреді?
Сабақтар онлайн режимде жүреді. Күндізгі форматтағы сабақтар қарастырылған.
Тапсырмаларды орындауға қанша уақыт керек?
Теориялық материалдарды оқуға және тапсырмаларды орындауға әжептәуір уақыт керек болатынын ескерген дұрыс. Ол әрбір жеке тыңдаушының материалды меңгеру қабілетіне, базалық дайындық деңгейіне, мотивациясы мен тәртіпке бағына білу қабілетіне байланысты анықталады.
Қашықтан оқуда студентке кім көмектеседі?
Университет порталында онлайн оқу форматының мән-жайын түсіндіретін видеокурстар ілініп тұр. Ал жалпы оқу процесінде Қашықтан білім беру орталығының қызметкерлері сіздерге қолдау көрсетеді.
Керекті құжаттар тізіміне нелер кіреді?
1) өтініш;
2) білімі туралы құжат, қосымшасымен (түпнұсқасы);
3) жеке куәлік көшірмесі;
4) 086-У формалы медициналық анықтама;
5) флюорография суреті;
6) фотосурет (3х4), 6 дана.

Нархоз университеті аймақтардағы:
Атырау
Павлодар
Қызылорда
Шымкент
Семей
Директор: Жаксимова Назгүл Орынғалиқызы
Мекен-жайы: Атырау 060007, ул. Махамбет 134а, «Евразия» бизнес орталығы, 5 қабат, 508 каб.
Телефондар: +7 (712) 252 06 69, +7 (701) 375 54 72
Электрондық пошта: atyrau@narxoz.kz, nazgul.zhaksimova@narxoz.kz
Директор: Чайкин Айдар Серикович
Мекен-жайы: Павлодар 140000, Мәшһүр Жүсіп көшесі 189, 105 кабинет
Телефондар: +7 (718) 265 33 79, +7 (776) 707 08 27
Электрондық пошта: pavlodar@narxoz.kz, aidar.chaikin@narxoz.kz
Директор: Жаналиева Жанар Айтбазаровна
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, 120000, к. Әйтеке би 28, «Асетан» бизнес орталығы, 3 қабат, 307 кеңсе
Телефондар: +7 (724) 270 03 00, +7 (724) 226 40 29, +7 701 208 83 55
Электрондық пошта: kyzylorda@narxoz.kz, zhanar.zhanalieva@narxoz.kz
Директор: Молжигитов Шынгыс Темирханович
Мекен жайы: 160012, Шымкент қ., Желтоқсан көшесі, 7, «Даркол» бизнес орталығы («Қазақстан» кинотеатрының жанында), 3-қабат, 309 кабинет
Телефондар: +7 (725) 253 69 76, +7 701 781 93 88
Электрондық пошта: shymkent@narxoz.kz, shynghyskhan.molzigitov@narxoz.kz
Директор: Касенова Назгуль Огузбаевна
Мекен жайы: 071400, Семей қаласы, Мұхамедханова көшесі 23А, «Өрлеу» бизнес орталығы, 506 кабинет
Телефондар: +7 (722) 252 01 27
+7 777 356 06 35
Электрондық пошта: semey@narxoz.kz: nazgul.kasenova@narxoz.kz
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
© НАРХОЗ - 2020. Барлық құқықтар сақталған
Разработано в Digital студии Макатова
Vectors and graphic: icons8.com
БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
ТАЛАПКЕРГЕ
МЕКТЕПТЕР