English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарына Оқуға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес ЖОО мен ғылыми ұйымдардың магистратурасына, докторантурасына, резидентурасына оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдауды ЖОО мен ғылыми ұйымдардың Қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Маңызды даталар:

Өтініштерді қабылдау:
күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 15-і аралығында
Кешенді тестілеудің өту уақыты: күнтізбелік жылдың 8 тамызынан 16-сы аралығында
Оқуға қабылдану мерзімі: күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін
КТ-ға тіркелу
Өту баллы:
Қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратура (150 баллдық шкала) бойынша

50 баллдан кем болмау керек, соның ішінде:
ағылшын тілінен - кем дегенде 25 балл;

бейіндік білім бағдарламаларының тобы бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдаудан - кем дегенде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаудан - кем дегенде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтау тесті бойынша - кем дегенде 7 балл алу қажет
Қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға арналған мемлекеттік грант (150 баллдық шкала) бойынша:

75 баллдан кем болмау керек, соның ішінде: ағылшын тілінен - кем дегенде 25 балл;

бейіндік білім бағдарламаларының тобы бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдаудан - кем дегенде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаудан - кем дегенде 7 балл,
оқуға дайындығын анықтау тесті бойынша - кем дегенде 7 балл алу қажет
Кешенді тестілеудің өту форматы:
Қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- ағылшын тілі бойынша тест (ағылшын, француз, неміс тілдері таңдау бойынша);
- бейіндік білім бағдарламаларының тобы бойынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша немесе орысша тест
Ағылшын тілінде оқытылатын магистратураға арналған

кешенді тестілеу:

- бейіндік білім бағдарламалары тобы бойынша ағылшынша тест;
- оқуға дайындығын анықтау бойынша қазақша, орысша немесе ағылшынша тест (таңдау бойынша)
Егер Сіз шет тілінен тест тапсырғандығыңыз туралы және/немесе GRE тестілеу сертификатының иегері болсаңыз:


-Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс тілдерінен) тест тапсырғандығы туралы сертификаты бар тұлғаларға 50 балл қосылады.
Қажетті деңгейді білу

- GRE стандартты тестілеу халықаралық сертификаты баллын қазақ және орыс тілді магистратураның КТ баллына көшіру шкаласы

-
GRE стандартты тестілеу халықаралық сертификаты баллын ағылшын тілді магистратураның КТ баллына көшіру шкаласы
Нархоз Университеті бағдарламалары бойынша қазақ немесе орыс тілді магистратураның кешенді тестілеу пәндері:
Магистратураға оқуға түсу үшін Қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттар тізімі
Магистратураға оқуға тапсыратын тұлғалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларына (ЖЖББ) және/немесе ақпараттық жүйелер арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу ережесінде белгіленген формаға сәйкес ұйым жетекшісінің атына өтініш;
  2. Жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырарда түпнұсқа сұралады);
  3. жеке куәлік көшірмесі;
  4. 3х4 көлемді алты фотосурет;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 "Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжат формаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген 086-У формалы медициналық анықтама қағазы;
  6. шет тілін жалпыеуропалық құзыреттерге (стандарттарға) сәйкес меңгергенін растайтын халықаралық сертификат көшірмесі (болған жағдайда);
  7. ғылыми-әдістемелік және ғылыми жұмыстарының тізімі;
  8. еңбек қызметін растайтын құжат;
  9. кешенді тестілеуге қатысу үшін төленген төлем түбіртегі
«Магистр» дәрежесі бойынша мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖББ Қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:

  1. белгіленген үлгідегі бланкіге жазылған өтініш;
  2. жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды ЖЖББ Қабылдау комиссиясына тапсырарда түпнұсқа сұралады);
  3. КТ сертификаты (құжатты ЖЖББ Қабылдау комиссиясына тапсырған жағдайда);
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 "Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжат формаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 6697 нөмірімен тіркелген) 086-У формалы медициналық анықтама қағазы;
  5. жеке куәлік көшірмесі;

Магистратураға түсуші өтініште білім бағдарламаларының тобын немесе үш ЖЖББ көрсетеді.
Магистратураға түсуші өтініште білім бағдарламаларының тобын немесе үш ЖЖББ көрсетеді.
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
© НАРХОЗ - 2020. Барлық құқықтар сақталған
Разработано в Digital студии Макатова
Vectors and graphic: icons8.com
БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
ТАЛАПКЕРГЕ
МЕКТЕПТЕР