English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

Шетелдік талапкердің тексеру парағы

Нархоз Университетіне оқуға түсуге қатысты барлық ақпаратты Рекрутинг
және оқуға қабылдау басқармасынан нақтырақ біле аласыздар (Қабылдау
комиссиясы)

Келгенге дейін
Келгеннен кейін
Алматы қаласына келмес бұрын және Нархоз Университетіне оқуға түсер алдында сізге мына қадамдардан өту керек:

1 - Мамандықты және оқу тілін таңдау. Оқуға түсу туралы толықақпаратпен танысу.
2 - admission@narxoz.kz (Өтініштің үлгісі) электрондық поштасына
өтініш жіберу.

3 - Онлайн сұқбаттасудан өту.
4 - Оқу ақысының 1-ші траншын төлеу

5 - Жатақхана брондау.
● Жатақхана брондау үшін жатақхананың жылдық ақысын 100%
төлеуіңіз керек;
● Жатақхананы келген кезде де брондауға болады, бірақ орындар
шектеулі.
(Жатақхана туралы толығырақ)
● Егер сіз жұмыс уақытында келе алмайтындай жағдай болса, қайда
түсетініңізді ойластырыңыз.

6- Келерде келесі құжаттардың түпнұсқаларын әкелуді ұмытпаңыз:
● Төлқұжат/Талапкердің жеке куәлігі (түпнұсқамен тексеріп алу үшін)
● Жалпы орта білім туралы аттестат/колледж дипломы
● 3*4 сурет - 6 дана
● Жатақханадағы орынға, оқуға төленген ақының түбіртегі (болған
жағдайда)
● IELTS/TOEFL сертификаты (болған жағдайда)
● Орналасу ордері (қабылдау комиссиясына қағазды шығарып әкелу
керек)
( *Бұл тізім өзгеруі де мүмкін - Қабылдау комиссиясынан нақтылап
алыңыз)

7- Алматыға бару билеттеріңізді алдын-ала брон жасап қойыңыз.
Билет сатып аларда мына күндерді ескеріңіз

8- Қабылдау комиссиясы менеджеріне келетін күніңізді хабарлау,
билетіңізді пошта арқылы жіберу.

Маңызды! Егер жасыңыз 18-ге толмаған болса:
1- ата-анаңызбен немесе қамқоршыңызбен (олардың растайтын құжаттары болу керек) немесе сеніп тапсырылған адаммен (нотариалды куәландырылған сенімхаты болу керек) бірге келуіңіз қажет.
2- ата-анаңыз қолын алдын-ала қойған келісім-шартты өзіңізбен бірге
ала келсеңіз болады. ( туу туралы куәлік/немесе қамқорға алушыны растайтын құжаттардың түпнұсқасын тексеріп алу үшін әкелесіз және ата-анаңның/қамқоршыңның төлқұжат көшірмелері керек)

Байланыс ақпараты:
Телефон:
+7 (747) 364 88 99
+7 (727) 364 88 99
Электрондық пошта:
admission@narxoz.kz
Инстаграм:
@narxoz_admission
Талапкерлер үшін маңызды күндер
Оқиғалар
Мерзімі
Қабылдау комиссиясы жұмысының басталуы
01.06.2020 - 25.08.2020
Narxoz Challenge олимпиадасына қатысушылардың соңғы құжат тапсыратын күні
20.07.2020
Мемлекеттік грантқа өтініш жазу (ҚР азаматтары үшін)
~13.07.2020-20.07.2020
Жатақханаға орналастыру
20 тамыз
Қабылдау комисссиясы жұмысының аяқталуы
25.08.2020
Бағдарлы апта
~ 26.08.202 - 31.08.2020
Жатақхананың қабылдау уақыты
Апта күндері
Уақыты
Дүйсенбі
с 9:00 - 20:00
Сейсенбі
с 9:00 - 20:00
Сәрсенбі
с 9:00 - 20:00
Бейсенбі
с 9:00 - 20:00
Жұма
с 9:00 - 20:00
Сенбі
с 9:00 - 20:00
Жексенбі
Демалыс
Егер сіз жатақхананы алдын-ала брондап, оның ақшасын төлеп, оған
орналасу ОРДЕРІН пошта арқылы алған болсаңыз, онда:

  • 2020 жылдың 20 тамызынан бастап жатақханаға келген күні орналаса аласыз (бірақ жатақхана жұмысының кестесіне сәйкес).
  • жатақханаға орналасатын күні сізге медициналық тексеруден өту керек.

Егер сіз өзіңіздің келетініңізді хабарламасаңыз, немесе университетке 20
тамызға дейін келетін болсаңыз, жатахқанаға орналастыру уақыты
басталғанға дейін қайда болатыныңызды алдын-ала ойластырыңыз.
1- Қабылдау комиссиясының офисіне бару. Болуы мүмкін сұрақтардың
жауабын алу үшін.

2- Қазақстан Республикасы Нотариусына барып, келесі құжаттарды
нотариалды куәландырып, аудармасын жасату:

● төлқұжат көшірмесі ( 2 дана)
● білімі туралы құжат көшірмесі ( 2 дана).

3- ЖСН алуыңыз керек ( Жеке сәйкестендіру нөмірі). ЖСН алу үшін:
● Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, нотариалды
куәландырылып аударылған төлқұжатыңыздың көшірмесін көрсету
арқылы ЖСН алуға өтініш беруіңіз керек.
Маңызды! ЖСН болмаса, сіз Нархоз Университетінің ID картасын ала алмайсыз
(ID картаңыз болмаса: Нархоз Университеті аумағындағы оқу ғимараттарына кіре
алмайсыз; Нархоз Университеті аумағындағы барлық ресурстарды пайдалана
алмайсыз; жатақханада тұрсаңыз, Нархоз Университеті жатақханасына кіре алмайсыз;
кинотеатр, мұражай, ойын-сауық орталықтары және т.б. үшін жеңілдіктер ала
алмайсыз)

4- ЖСН алғаннан кейін, Халыққа қызмет көрсету орталығына
біліміңіз туралы құжатты нострификациялауға өтініш беру керек.

● Ол үшін біліміңіз туралы құжаттың нотариалды куәландырылып
аударылған көшірмесін тапсырып, анкета (сол жерде беріледі)
толтыру керек;
● Өтініш берген соң, сізге құжаттарыңыздың нострификациялауға
алынғанын растайтын анықтама беріледі; БҰЛ АНЫҚТАМАНЫ
САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
● Халыққа қызмет көрсету орталығы сізге берген бұл анықтаманы
(түпнұсқасын) Нархоз Университетінің Қабылдау комиссиясына
өткізуіңіз керек. (Құжаттарыңыз нострификациядан өткеннен
кейін, оларды Нархоз Университетінің Тіркеу офисіне 1-семестрдің
соңына дейін кешіктірмей тапсыруыңыз қажет); (Құжаттарын
нострификацияламаған студенттер 2-семестр алдында оқудан
шығарылуы мүмкін)

5- Құжаттың түпнұсқаларын Нархоз Университетінің Қабылдау
комиссиясына тапсыру:

1. ҚР-да нотариалды куәландырылып аударылған төлқұжаттың
көшірмесі;
2. Халыққа қызмет көрсету орталығынан білім туралы құжаттың
нострификациялауға алынғанын растайтын анықтама;
3. ҚР-да нотариалды куәландырылып аударылған білімі туралы
құжаттың көшірмесі
4. 086 формалы анықтама ( ҚР-да жасалынған болуы керек)
5. Флюорография суреті (ҚР-да жасалынған болуы керек)
6. 3*4 өлшемді фотосурет ( 6 дана)
7. Жатақхана және оқу ақысын төлегені туралы түбіртектің көшірмесі

6 - Келісім-шартқа қол қою.
7 - Жатақханада болу (20 тамыздан бастап)

Маңызды! Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз:
1 - шартқа қол қою үшін сіз ата-анамен немесе қамқоршымен (растайтын құжатпен) немесе сенім білдірілген адаммен (нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде) бірге келуіңіз керек.
2 - сіз алдын-ала ата-анаңызбен жасалған келісім-шартты және келесі құжаттарды: туу туралы куәліктің түпнұсқасын / немесе тексеру үшін қорғаншылықты растайтын құжат және ата-анасының / қамқоршыларының төлқұжатының көшірмесін ала аласыз.
Маңызды! ЖСН болмаса, сіз Narxoz университетінің жеке куәлігін ала алмайсыз (жеке куәлік: Narxoz университетінің оқу ғимаратының аумағына кіру мүмкіндігі; Narxoz университеті аумағындағы барлық ресурстарды пайдалану; жатақхана тұрғындары үшін Narxoz университетінің жатақханасына кіру, кинотеатрларға, мұражайларға, ойын-сауық орталықтарына барудағы артықшылықтар және т.б)
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
© НАРХОЗ - 2020. Барлық құқықтар сақталған
Разработано в Digital студии Макатова
Vectors and graphic: icons8.com
БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
ТАЛАПКЕРГЕ
МЕКТЕПТЕР