English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

Жатақхана

Нархоз университетінде
Жатақхана туралы
Орналастыру тәртібі
Шетел азаматтары үшін
Тіркелу уақыты
  • Баспанаға мұқтаж студенттердің барлығы үш жатақхананың біріне орналастырылады. Жатақхана ғимараттары оқу корпустарының қасында орналасқан. Жатақхананың жалпы аумағы 18819,9 кв.
  • Сыйымдылығы 821 студентке дейін.
  • Бір адам үшін пайдалы аумақ көлемі - 6,6 шаршы метр.
  • Жатақханада әрбір бөлме 2-3 адамға есептелген және төсек, төсек шкафы, пуфик, шкаф және тоңазытқыштармен жабдықталған.
  • Әр жатақхананың заманауи техникамен - кір жуғыш және кептіргіш машиналармен, киім үтіктегіш тақталармен және үтіктермен жабдықталған демалыс бөлмесі, ас үй, спорттық бөлме, душ және кір жуатын бөлмелері бар.
  • Барлық жатақханада Wi-Fi интернет жұмыс істейді. Демалыс бөлмелері спутниктік және жергілікті телевидениені көрсететін плазмалық теледидарлармен жабдықталған. Барлық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақхана күні-түні қорғалады.
Алматыдан тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтарын жатақханаға орналастыру тәртібі
  • Оқуға түсуге өтініш беру (оқуға түсу туралы толық ақпарат)
  • Қандай бөлмеде тұрғыңыз келетінін таңдап (2,3,4 адамдық бөлмелер), Қабылдау комиссиясының менеджеріне хабарлау.
  • 10 айға тұруға арналған депозитті төлеу (жатақханада тұрудан бас тартқан жағдайда, қалған айлардың сомасы студентке қайтарылады)
  • Орналасу ордерін алу (оны университетке келген кезде электронды пошта арқылы алу және оның шығарылған нұсқасы)
  • Университет студенттің орналасу ордері негізінде оны тұрып жатқан мекен-жайына тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
Шетел азаматтарын жатақханаға орналастыру тәртібі
  • Оқуға түсуге өтініш беру (оқуға түсу туралы толық ақпарат)
  • Қандай бөлмеде тұрғыңыз келетінін таңдап (2,3,4 адамдық бөлмелер), Қабылдау комиссиясының менеджеріне хабарлау.
  • 10 айға тұруға арналған депозитті төлеу (жатақханада тұрудан бас тартқан жағдайда, қалған айлардың сомасы студентке қайтарылады)
  • Орналасу ордерін алу (оны университетке келген кезде электронды пошта арқылы алу және оның шығарылған нұсқасы)
  • Жатақханаға орналасқан күні қан тапсыру медпунктіне барып, ВИЧ/ СПИД-ке тексерілу, жатақханаға орналасуға медициналық анықтама алу
  • Университет студенттің орналасу ордері негізінде оны тұрып жатқан мекен-жайына тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
Ескерту:
  • шетелдік студенттер Қазақстан Республикасы аумағында жасалынған 086-У анықтама қағазы мен флюорография суретін әкелуге міндетті.
  • визасыз режімдегі елдерден өз бетімен келген және оқу мақсатында Қазақстанда қалу жоспары бар шетелдік азаматтар университет жатақханасында тұрғылары келген жағдайда жатақханада тіркелулері қажет. (Мысалы, сіз оқу басталғанға дейін ертерек келіп, туысқандарыңыздың үйінде қонақ боп жүре тұра жатақханада тұруды ойласаңыз, өз туысқаныңыздың үйінде емес, университет жатақханасына тіркелуді алдын-ала ойластырғаныңыз жөн).
Жатақханаға орналасу бағдарлы апта басталғанға дейін, 2020 жылдың 26 тамызына дейін жүргізіледі. Қандай да бір себептермен белгіленген мерзім ішінде жатақханаға орналаса алмайтын болсаңыз, қабылдау комиссиясы менеджерін алдын-ала хабарға қоюыңыз керек.
Студенттер үйінде тұру құны
Бакалавр студенттері үшін, №3 студенттер үйі (Сайын к. -Ұлықбек к.)
2 КІСІЛІК БӨЛМЕ
19 400 тг.
1 төсек/орын, айына
3 КІСІЛІК БӨЛМЕ
18 700 тг.
1 төсек/орын, айына
3 КІСІЛІК БӨЛМЕ
17 600 тг.
1 төсек/орын, айына, жағдай жасалмаған
Магистр студенттер үшін, №2А студенттер үйі (ОГТ) (Таугүл)
2 кісілік бөлме
21 700 тг.
1 төсек/орын, айына
3 КІСІЛІК БӨЛМЕ
21 200 тг.
1 төсек/орын, айына
4 кісілік бөлме
20 700 тг.
1 төсек/орын, айына
Learning today – leading tomorrow
Әлеуметтік желілер
© НАРХОЗ - 2020. Барлық құқықтар сақталған
Разработано в Digital студии Макатова
Vectors and graphic: icons8.com
БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
ТАЛАПКЕРГЕ
МЕКТЕПТЕР