Нархоздың көшірілуі туралы маңызды хабарландыру

Құрметті студенттер, оқытушылар және әріптестер! Сіздерді жаңа семестрдің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! 2020 жылдың ақпан айында университетіміздің бас корпусында жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлап өткім келеді. Осыған орай, барша бөлімдер мен оқу процесі 1-ші ықшамаудан, 81 мекен-жайы бойынша орналасқан ОЛК-2 ғимаратына көшіріледі. Қысқы демалыс уақытында бұл корпуста интерьерді жаңалау жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жетілдірулер академиялық ахуалға оң…

Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2020

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 25 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды. Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары. Гранттар саны: 25 Ш. Есенов атындағы шәкіртақы байқауына қатысу үшін үміткер қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет. Міндетті құжаттар:…

Нархоз және РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің қосдипломдық бағдарламасы іске қосылмақ

Бүгін Нархоз университеті мен Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті арасында «Халықаралық экономикалық құқық» бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа қол қою рәсіміне университетіміздің ректоры Эндрю Вахтель және Қаржы университеті басшысы Михаил Эскиндаров қатысты. Сондай-ақ, осындай айтулы іс-шараның делегация мүшесі ретінде Құқық және мемлекеттік басқару факультетінің деканы Станислав Буянский мен Халықаралық даму және…