ERASMUS+ Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру

ERASMUS + жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру бойынша жобалары Еуропалық Одақ (ЕО) пен серіктес елдер арасындағы ынтымақтастықты көтермелеуге, сондай-ақ жоғары оқу орындарын басқару және менеджмент саласындағы міндеттерді шешуде серіктес елдерге қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл мақсаттар жоғары білім берудің сапасын арттыруды, жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, реформалар саясатының көмегімен жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуды, сондай-ақ бірлескен бастамалар арқылы әлемнің түрлі өңірлері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуді қамтиды. Бағдарлама туралы көбірек біліңіз.
осы нысанды толтырыңыз немесе бізге келесі электронды мекен жайына сұраныс жіберіңіз global@narxoz.kz.
Егер сіз Erasmus+ ЖБАӘ жобалар бойынша серіктес болғыңыз келсе,
Серіктестер:


Еуропа Одағы:

  • Дрезден техникалық Университеті (Германия),
  • Европейлік ғылыми-зерттеу орталығы (Греция),
  • Эдж Хилл Университеті (Ұлыбритания),
  • Деусто Университеті (Испания).

Ресей Федерациясы:

  • Н.П. Огарев атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (шет тілдер факультеті),
  • Дон мемлекеттік техникалық Университеті,
  • И. Кант атындағы Балтика Федералды Университеті (Калининград қ.),
  • «Агенттігің стратегиялық бастамашылдық бастамасы» Болон клубы RM (Ростов-на-Дону),
  • «Русский регистр» бірлестіктің сертификаты (Санкт-Петербург қ.).

Қазақстан Республикасы:

  • Нархоз Университеті,
  • Сулейман Демирел атындағы Университеті,
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.
Болон процесінің ашықтығы мен ұлттық және халықаралық білім беру стандарттары мен оқыту құралдарының салыстырмалылығы қағидаттарына негізделген орта кәсіптік және жоғары білімнің өзара әрекеттесу жүйесін құру арқылы Болон процесін жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Жобаның мақсаты
Жобаның міндеттері
Орта кәсіптік және жоғары білім беру өкілдерінің ұзақ мерзімді ынтымақтастығы және Болон процесінің қағидаттарына сәйкес оқыту мен оқыту құралдарын білім беру процесіне тиімді енгізу үшін платформа құру
Университетте ОКБ оқытушыларын даярлау үшін сынақ бірліктерін көшіру және жинақтаудың еуропалық жүйесінің (ECTS) нормаларына және Тюнинг (білім беру бағдарламаларын баптау (Tuning)), әдіснамасына сәйкес педагогикалық модульдерді әзірлеу құзыреттеріне ие сарапшылар тобын дайындау
Орта кәсіптік және жоғары білім беру мекемелері түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында академиялық қауымдастық пен еңбек нарығының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ALLVET ақпараттық-консультациялық веб-кеңістігін құру
*Еуропалық Комиссияның осы жарияланымды шығаруды қолдауы тек авторлардың көзқарасын көрсететін мазмұн екенін жеткізеді және Комиссия ондағы ақпараттың пайдалануы үшін жауап бере алмайды.
WELCOME: Жаңа халықаралық университет қауымдастығына ашыла отырып
Жоба мақсаты
Шетелдік студенттерді, оқытушылар мен зерттеушілерді тарту үшін стратегиялық және маркетингтік әдістемелерді енгізу жолымен Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығын кеңейту.
Нақтыланған мақсаттар
Қазақстандық және Қытай университеттерінде интернационализация деңгейін, мүдделі тараптардың индикаторларын және маркетингтік іс-қимылдарды анықтауға зерттеу
Интернационалдандыру үшін қазақстандық және қытайлық ЖОО-ның порталын құру
Университеттерде сервистік-бағытталған халықаралық бөлімдердің ашылуы
Халықаралық бөлім қызметкерлерін оқыту
ЖОО деңгейінде интернационалдандыру бойынша стратегиялық және маркетингтік жоспарларды әзірлеу және енгізу.
ЖБАӘ ERASMUS+ АЯҚТАЛҒАН ЖОБАЛАРЫ және ЕО ҚАРЖЫЛАНДЫРАТЫН БАСҚА ДА БАҒДАРЛАМАЛАР
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Халықаралық даму, мансап және
әріптестік департаменті
+7 727 377 1297
WE ARE GLOBAL
БІЗГЕ ТІРКЕЛІҢІЗ
Learning today – leading tomorrow
global@narxoz.kz