Нархоз университеті ҚТМ жаңалықтар. «Жас және талантты бухгалтерлер» клубы
<

ҚТМ жаңалықтар

ҚТМ жаңалықтар
05.12.2017

«Жас және талантты бухгалтерлер» клубы

«БЕАжБ» кафедрасы

2017 жылдың 30 қарашасында  «БЕАжБ» кафедрасы және оның серіктестерінің қолдауымен   «Жас және талантты бухгалтерлер» клубы құрылды.

Клубтың мақсаты Қазақстанның ірі ұйымдары, белгілі бухгалтерлер мен аудиторларымен кездесу ұйымдастыру, стажировкалар, өндірістік тәжірибелер,  олимпиадалар мен бухгалтерлердің әр түрлі жарыстары бойынша кеңестер жасау және де бухгалтерлік есеп, аудит пен талдау аймағындағы өзекті жобалар мен тақырыптарды іздену бойынша іс шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі таңда клуб құрамына «Есеп және аудит» мамандығының 25 студенті (1, 2 және 3 курстан) және кафедра оқытушылары кіріп отыр.   Клубты PhD докторы Бердимурат Н. басқарады.

Біз осы клубқа қатысам дегендердің барлығы шақырамыз және қуанышпен қарсы аламыз. Сонымен қатар жас құрылған клубқа табыс тілейміз.

Әр түрлі туындалған сұрақтарынызға және ұсыныстарынызға  «БЕАжБ» кафедра меңгерушісі Жарылкасинова М.Ж. және клуб жетекшісі   Бердимурат Н. корпоративті  пошта  арқылы жауап береді.

Бөлісу:

Сондай-ақ оқыңыз