Жаңа құрылыс
Қашықтықтан білім алу

Нархоз Университеті күндізгі және сырттай білімалумен қатар, қашықтықтан білім береді.

Қашықтықтан білім алу үйден шықпай, 24/7 режимінде сабаққа бару мүмкіндігін ұсынады. Телекоммуникация мен Ғаламтордың мүмкіндіктеріне негізделген қашықтықтан білім алу студент пен оқытушыға өзара қашықтықта әрекеттесуге мүмкіндік береді. Сабақтар on-line режимінде, пәндер бойынша материалдармен танысып, тапсырманы жасау үшін мысалдарды түсініп, жеке дербес жұмыс жасауға нұсқамалар алып, тестілеуден өтіп, web-сілтемелер ұқсас материалдарды пайдаланып және күрделі мәселелерде оқытушымен талқылаумен әрбір білім алушы виртуалды оқу классына қол жеткізе алады.

 

Қашықтықтан білім алудың ерекшеліктері 

Қашықтықтан білім алу технологиясымен студент пәнді оқу үшін өз бетімен уақыт пен орынды таңдауға, пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындау мен аудиториядағы сабақтар үшін өзін қатал сақбақ кестесінің шеңберімен шектемеуге құқылы. Оқу материалдары стандарттан тыс формада:  әдеттегі дәрістер материалының орнына бейне-дәріс, бейне-презентация, қосымша ресурстарға көптеген сілтемелер алады. Тәжірибелік сабақтар студенттерге оқып отырған пәні бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.  Оқитын пәнінің ағымдағы емтихандары әртүрлі формаларда: тестілеу, эссе жазу, бейне-ролик түсірілімі, командалық жұмыс, салыстырмалы талдау жүргізу мен тағы да сол сияқты формаларда қабылданады. Қашықтықтан білім алуды таңдаудағы студенттің жетістігінің кепілі – тәртіптілік және силлабустпен нақты жүру мен білім беру траекториясымен жүру болып табылады.

 

Білім беру бағдарламалары 

Нархоз Университетінде қашықтықтан білім алуды қолдану технологиясын пайдалануы арнайы орта және жоғары білім берудің келесідей бағдарламаларымен мамандықтардың білім беру бағдарламалары ұйымдастырылған:

  • «Экономика»
  • «Менеджмент»
  • «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
  • «Есеп және Аудит»
  • «Қаржы»
  • «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»

 

Білім алудың академиялық кезеңінің ұзақтығы 

Жоғары білім беру негізінде 2 жылда білім алу жүзеге асырылады. Әрбір жылы екі академиялық кезеңнен тұрады (күзгі сессия және көктемгі сессия). Сессияларды ұйымдастыру кезеңі  әрбір оқу жылына академиялық күнтізбемен анықталады.

Арнайы орта білім беру (колледжден соң) негізінде 3 жылда білім алу жүзеге асырылады. Әрбір жылы екі академиялық кезеңнен тұрады (күзгі сессия және көктемгі сессия). Сессияларды ұйымдастыру кезеңі  әрбір оқу жылына академиялық күнтізбемен анықталады. 

Білім алу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі.

 

Жиі қойылатын сұрақтар 

Қашықтықтан білім алу деген не? 

Қашықтықтан білім алу – бұл университетпен үздіксіз байланыста болып, өндіріспен қатар білім алушылар сыртқы білім алу бөлімінде жоғары сапалы білім алу технологиясы және қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар (СD - диск, электронды пошта, ғаламтор және сол сияқты тағы басқалары) көмегімен оқу-әдістемелік материалдар кешенімен байтылған.

 

Қашықтықтан білім алудың ерекшелігі неде? 

  • Қол жетімділік: жер шарының кез келген жерінде болса да, сапалы білім алу мүмкіндігі (әсіресе аймақтардағы тұрғындар үшін өзекті);
  • толықтай тәуелсіздік: студенттер өздеріне ыңғайлы жерде, ыңғайлы орында, ыңғайлы қарқынмен, пәндерді меңгеру үшін қажет уақытты оқуына бөле алады;   
  • Уақытты үнемдеу және оқудың жеке кестесі;
  • Оқу материалының толық көлемі: бейне-дәрістер, вебинарлар, бейне-конференциялар мен  қарым-қатынастар-форумы тікелей визуалды байланыстың болмауының орнын толтырады;
  • Технологиялылығы: білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді өолдану мүмкіндігі.

 

Қашықтықтан білім алу үшін студентке не қажет? 

  • Ғаламтор желісіне шығатын жеке компьютер;
  • Наличие камера, құлақаспаптар және стандартты бағдарламаларының болуы (Windows 7 және одан жоғарылары, Adobe Flash Player, сақтық көшірме бағдарламасы, мультимедиялық бағдарламаларды қолдау);
  • Жеке дербес оқу ынтасы;
  • Жоғары деңгейде өзін өзі тәртіпке бағындыруы.

 

Қашықтықтан білім алу бағдарламасына түсу үшін қандай құжаттар қажет? 

  • Бекітілген үлгідегі бланктегі өтініш;
  • Білім алу туралы құжаттар (түпнұсқа);
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • 086-У формасындағы медициналық анықтама (флюорографияның түсірілімі)
  • Фото – 4 дана(көлемі 3*4)

(колледждің түлектері үшін Кешенді Тестті тапсыру қажет)

 

Сабақтар қашан басталады? 

Қашықтықтан білім алу технологиясын қолданумен білім алатын студенттердің сабағы оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады. Академиялық күнтізбе 25 тамызға таман университеттің сайтында әрбір оқу жылының басында көрсетіледі.  

 

Сабақтар қалай өтеді? 

Қашықтықтан білім алу –  білім алудың (on-lin режимінде оқу) мен білім беру форматының байланысы (емтихандық сессия) қашықтық форматын білдіреді. Оқу жылы екі академиялық кезеңді ұсынады, ұзақтығы 10 – 15 апта. Студенттердің Қашықтықтан білім алу Орталығына түсуі білім алу мәселелері бойынша кіріспе сабақтарын өткізеді. Әрбір студентке университеттің білім беру порталына кіру үшін логин мен пароль беріледі. Студенттер апта сайын порталда өтінілген піндер бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс. Пәндер бойынша тапсырмалардың нақты орындалу мерзімі көрсетілген. Емтихандық сессия ұзақтығы екі аптадан жылына екі рет болады, сабаққа бару өзінің қалауы бойынша. Емтихандар қашықтықтан қол жеткізумен тапсырылады. Оқу бағдарламасын толығымен орындаған студенттерге бекітілген үлгідегі мемлекеттік диплом беріледі.

 

Тапсырмаларды орындау үшін қанша уақыт қажет?

Университетте білім алу айтарлықтай күш салуды талап етеді. Теориялық материалдар мен тапсырмаларды орындау үшін қажетінше уақыт керек. Барлығы да студенттің қабілетіне және негізгі дайындық деңгейіне, мотивациясына және өзін өзі тәрбиемен жетілдіруіне байланысты.

 

Қашықтықтан білім алуда студенттерге кім көмектеседі? 

Университетке түскеннен кейін студенттерге қашықтықтан білім алу жүйесі бойынша кіріспе курстар болады.  Сонымен бірге  порталда оқып-үйрететін бейне курстар көрсетілген. Оқу процесінің барлық кезеңінде Қашықтықтан білім алу Орталығының қызметкері жол сілтеп отырады, оған кез келген уақытта хабарласуға болады.

 

Оқу ақысын төлеу қалай жүзеге асырылады? 

Білім алудың төлемі транштар арқылы жүзеге асырылады. Оқудың барлық кезеңінің құны белгіленген.

 

Оқу материалдары және оқытушыларға кеңес бергендіктен қосымша төлемақы төлеу қажет пе?

Оқу материалдары, оқытушының сабақ кезіндегі кеңестері үшін қосымша төлем тқлеу қажет емес.  

 

Мемлекеттік қорытынды  аттестация қалай өтеді?

Қорытынды мемлекеттік аттестация (мемлекеттік емтихан, оқуды бітірушілердің дипломдық жұмысы университетте студент күндізгі бөлімде оқығанда жүргізіледі).

 

Қашықтықтан білім алған студенттер қандай диплом алады? 

Оқуды бітіргеннен соң студенттер білім алу формасы көрсетімейтін бекітілген үлгідегі мемлекеттік диплом алады.

 

Нархоз Университеті аймақтарда:

Атырау қаласы, директоры Жаксимова Назгуль Орынгалиевна

Нархоз Университетінің ҚБРО мекен-жайы:

060007, Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 134 А, "Евразия" бизнес-орталығынның ғимаратында, офис 206, 2 қабат

Тел/факс: +7 (7122) 52 06 69

ұялы тел: 8701 375 54 72.

e-mail: atyrau@narxoz.kznazgul.zhaksimova@narxoz.kz.

 

Павлодар қаласы, директоры Чайкин Айдар Серикович

Нархоз Университетінің ҚБРО мекен-жайы:

140000, Павлодар қаласы,  1 Май көшесі 189, 101, 105 офистер

тел: 8 (7182) 65-33-79, 65-33-90

ұялы. 8-776-707-08-27

e-mail: pavlodar@narxoz.kzaidar.chaikin@narxoz.kz.

 

Кызылорда қаласы, директоры Жаналиева Жанар Айтбазаровна

Нархоз Университетінің ҚБРО мекен-жайы:

120000, Кызылорда қаласы, Журба көшесі 12, «ДАМУ» қорының ғимараты 3 этаж, 304, 305 офистер

тел/факс: 8(7242) 70-03-00, 26-40-29

ұялы тел: 8 701 208 83 55

e-mail: kyzylorda@narxoz.kzzhanar.zhanalieva@narxoz.kz.

 

Шымкент қаласы, директоры Молжигитов Шынгыс Темирханович

Нархоз Университетінің ҚБРО мекен-жайы:

160012,  Желтоқсан көшесі 7, «Даркол» бизнес-орталығы (возле «Қазақстан» кинотеатрының қасында) 3 этаж, 309 офис

тел.: 8-701-781-93-88, 8 (7252)-53 69 76

e-mail: shymkent@narxoz.kzshynghyskhan.molzigitov@narxoz.kz.

 

Семей қаласы, директоры Касенова Назгуль Огузбаевна

Нархоз Университетінің ҚБРО мекен-жайы: 

071400, Семей қаласы, Интернациональная көшесі 23А, «Өрлеу» бизнес-орталығы, 506 офис.

тел.: 8(7222) 520127, 8 777 356 06 35

e-mail: semey@narxoz.kznazgul.kasenova@narxoz.kz.