Жаңа құрылыс
Докторантура

Қазіргі экономиканың дамуы білімді жетілдіруге негізделіп, PhD докторлық дәрежесінің иегерлері еңбек нарығында өте қажетті болып табылады. PhD бағдарламасының түлектері – еліміздегі ғылыми жіне бизнес-элитаның өкілдері, экономика секторын, кәсіпорындарды және жалпы қоғамды дамытудың негізгі күші болған кәсіпқой мамандар. Нархоз Университетінде докторлық бағдарламаны таңдаумен өзіңіздің ғылыми потенциалыңызды дамытыңыз!

 

Білім алу мерзімі: 3 жыл. Білім беру формасы: күндізгі

 

PhD докторантурасына қабылдау ережесі

PhD докторантураға түскісі келетіндерге арналған талап:

  • «магистр» академиялық дәрежесінің бар болуы тиіс
  • түсу емтиханын тапсыру қажет
  • еңбек өтілінің болуы (1 ж. кем емес)
  • міндетті құжаттарды толығымен тапсыру керек
  • Скачать правила - (docx)

Құжаттарды қабылдау: 2018 жылдың 3-31 шілде аралығында

 

Доктарантураға түсушілер қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды тапсырады:

  1. НарХоз Университетінің ректорына өтініш
  2. жеке куәлік пен паспорт көшірмесі
  3. білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (диплом қосымшасымен)
  4. шет тілі бойынша тест тапсыру туралы сертификат көшірмесі (бар болса)
  5. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімдері (бар болса)
  6. болжалды отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген, жоспарланған диссертациялық зерттеуді негіздеу
  7. 3*4 көлеміндегі фотография 6 дана
  8. 086-У формасының медициналық анықтамасы
  9. еңбек өтелімін растайтын, мамандарды есепке алу бойынша жеке қағаз

Қабылдау комиссиясына құжаттардың көшірмесімен бірге салыстыру үшін түпнұсқасы да өткізіледі. Салыстырылғаннан кейін түпнұсқа құжаттар талапкерлерге толығымен қайтарылады.

 

Түсу емтиханын қабылдау тәртібі

НарХоз Университетінің доктарантурасының түсу емтиханы 10-20 тамыз аралығында қабылданады, ал оқуға түсу туралы бұйрық 25 тамызға дейін болады

PhD докторантураға түскісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар түсу емтиханын тапсырады, тек шетел азаматтары ғана тапсырмайды. Олар мынандай емтихандар тапсырады:

 

PhD докторантураға түскісі келетін азаматтар мынандай түсу емтиханын тапсырады

  1. Мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқитын тілі бойынша)
  2. Мамандығы бойынша

 

ТЕСТ ПО ИНОСТРАННОМУ ЯЗЫКУ

Жалпы Еуропалық стандартпен шет тілін меңгеруге сәйкес шет тілін меңзергенін растайтын халықаралық сертификаттың иегерлерінен басқа магистратураға, резидентураға, адьюнктураға және докторантураға түсушілердің барлығына шет тілі бойынша емтихан тапсыру міндетті:

Ағылшын тілі:

  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кем дегенде 460 бал)
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, негізгі бал – кем дегенде 87 бал)
  • (TOEFL пороговый балл – не менее 560 баллов)
  • International English Language Tests System (IELTS, кем дегенде 6.0 бал)

Немецкий язык:

  • Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ дегейі С1)
  • TestDaF-Prufung (Niveau C1/дегейі С1)

Французский язык:

  • Test de Franзais International™ (TFI – дегейі B1 )
  • Diplomed'Etudes en Langue franсaisе (DELF, дегейі В2)
  • Diplome Approfondi de Langue franсaisе (DALF, дегейі С1)
  • Тest de connaissance du franзais (TCF – кем дегенде 400 бал)

 

Шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тестті шектік деңгейден төмен емес баллға тапсырғаны туралы сертификаттың иегерлеріне 100 баллдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл есепке алынады.

 

Шет тілі бойынша түсу емтиханы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Ұлттық тест орталығымен құрылған технология бойынша жүргізіледі.

Шет тілі бойынша емтихандар білім берудің өкілетті органдары анықтаған жоғары оқу орындарында қабылданады. Түсу емтиханын қайтадан тапсыруға жіберілмейді.

 

Мамандық бойынша тест

Сала бойынша тестті талапкерлер тікелей НарХоз университетінде тапсырады.

PhD докторантураға түсу емтиханын қабылдау кезеңінде мамандық бойынша емтихан комиссиясы құрылады

Мамандыққа сәйкес ғылыми дәрежесі бар НарХоз университетінің қызметкерлерінен мамандық бойынша емтихан комиссиясы құрылады. Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағасы мен үш мүшесінен тұрады, оның екеуі ғылым докторы болуы тиіс және емтихан комиссиясын университет ректоры бекітіледі.

Нархоз университетінде мамандық бойынша емтихан қабылдау кезеңінде бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің (әрі қарай - ҚР БҒМ) өкілі қатысады.

 

АПЕЛЛЯЦИЯ

Жалпыға ортақ талаптардың сақталуы мен тартысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатыда аппеляцияны қарастыру бойынша Республикалық комиссия құрылады. НарХоздың Аппеляциялық комиссиясы емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептерге байланысты докторантураға түсетін адамдардан келіп түскен өтініштерді қабылдап, қарастырады. Шет тілі бойынша аппеляцияда қарастыру нәтижесі жоғары оқу орнының аппеляциялық комиссиясымен республикалық аппеляциялық комиссияға жіберіледі. Аппеляциялық комиссияның ұсынысының негізделуін аппеляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде қарастырады және аппеляцияланған шет тілі бойынша түсу емтиханының нәтижесіне бал қосу бойынша шешім қабылданады. Аппеляцияға өтінішті докторантураға түсуші Аппеляциялық комиссияның төрағасының атына жазады. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептерге байланысты өтініштер түсу емтиханынң нәтижелерін хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылдайды және аппеляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады. Аппеляциялық комиссия әрбір адаммен жеке-жеке қарастыру тәртібімен жұмыс жасайды. Аппеляциялық комиссияның отырысына өтініш беруші келмеген жағдайда, оның өтінішін аппеляциялық комиссия қарастырмайды. Өтінішті қарастыруда аппеляциялық комиссия аппеляцияға өтініш берген адамның жеке куәлігін ұсынады. Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс жинағандар аппеляциялық комиссияның шешімін қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия тқрағасының дауысы шешуші болып табылады. Аппеляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қол қоюымен хаттамада рәсімделеді.

 

Ақылы білім алу мен шәкіртақы

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап НарХоз университетінде PhD бағдарламасы ақылы негізде жұмыс жасайды. Оқуға түсу ережелері мен емтихандар мемлекеттік грантқа оқуға түсу кезіндегімен бірдей.

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PhD БАҒДАРЛАМАСЫ

2017-2018 оқу жылы қос дипломды “BigDatainEconomy” PhD бағдарламасын ашу көзделуде. Бағдарлама Познань экономика және бизнес университетімен бірлесе отырып әзірленді (Польша). Бұл бойынша оқыту заманауи білім алуға және мәліметтердің үлкен массивін талдау мен өңдеудің неғұрлым ұтымды әдістері мен технологияларын игеруге мүмкіндік береді.

 

Түсу сұрақтары бойынша қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.