Жаңа құрылыс
Магистратура

Магистратура - жоғары білім берудің бакалавриаттан кейінгі сатысы. Магистратура бағдарламалары кәсіби баспалдақ бойынша өрлеуге керекті жаңа білімді және дағдыларды иеленуге тырысатын, әрі білімнің кез келген бейіні мен жұмыс тәжірибесіне ие жас мамандарға арналған. Магистр дәрежесі Сіздің кәсіби біліктілігіңізді арттырады және мансаптық тұрғыдан алдыңыздан зор келешектің ашылуына мүмкіндік тудырады. Магистратураның Өзіңізге лайықты деген бағытын таңдаңыз, сөйтіп болашақ жетістікке алғашқы қадам жасаңыз!

Бейіндік магистратура – тереңдетілген кәсіби білімге ие, әрі экономика, бизнес және құқық салалары үшін қажетті басқару кадрларын дайындауға бағытталған.   Ғылыми-педагогикалық магистратура - тереңдетілген ғылыми-педагогикалық білімге ие, әрі жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылым салалары үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған.
1-1,5 жыл Оқыту мерзімі 2 жыл
Қазақ және орыс тілдері Оқыту тілдері Қазақ, орыс және ағылшын тілдері
қарастырылмаған Мемлекеттік білім гранттары қарастырылған
- Тереңдетілген кәсіби дайындық
- Аналитика (талдау) және менеджмент дағдылары 
- Қолданбалы кәсіби дағдылар
- Мамандандырылған жобаларды басқара білуге дайындау 
- Жұмыстан қол үзбей оқу мүмкіндігі 
- Мансаптық баспалдақ бойынша алға жылжудағы артықшылық 
- Шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі 
Оқыту ерекшеліктері - ЖОО-да сабақ беру құқығы
- Педагогикалық практика
- Ғылыми еңбектің әдіснамасы мен ғылыми базасы 
- PhD докторантурасының бағдарламалары бойынша әрі қарай оқу құқығы 
- Ғылыми мансап құру мүмкіндігі 
- Тілдік дағдылар (ағылшын тіліндегі магистратура)