Жаңа құрылыс
Неге Нархоз?
БІЗДІҢ МИССИЯMЫЗ

Жоғары сапалы білім беру мен зерттеулер арқылы қоғам, ұлт және әлем үшін болашақ көшбасшылар дайындау.

ПАЙЫМДАУ

Нархоз Университеттің мақсаты - 2020 жылға дейін Орталық Азияның ең мықты және инновациялық экономикалық университетіне айналу.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Мен – көшбасшымын, Біз – бір командамыз, Бәрі де – студент үшін.

 

БІЗДІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМЫЗ

  • Нархоз экономика мен бизнес саласында әлемдік стандарттар және қолжетімді баға бойынша сапалы білім ұсынады.
  • Нархозда тілдік кедергі жоқ. Бұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде экономикалық және бизнес білім алуға болады.
  • Нархоз жаңа оқу жылында 105 дарынды талапкер үшін оқу ақысын толық өтеу кепілдігін беретін стипендиалық бағдарлама іске қосылғанын хабарлайды.
  • Нархоздың оқу бағдарламаларын реформалау студент бойында жұмыс берушілерге керекті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Университет теориялықты инновациялық көзқарасқа алмастыру үстінде.
  • Нархоз дербес және сыни тұрғыда ойлай білетін кәсіби түлектер даярлап шығарады. Бұл қасиеттер олардың қызықты жұмыс табуына және мансап баспалдағымен көтерілуіне жәрдемдеседі.
  • Нәтижеге қол жеткізудің харам тәсілдері біздің студенттерге мүлдем жат. Міне, нақ сондықтан Нархоз плагиат пен көшіруге «ОРЫН ЖОҚ!» дейді.
  • Нархоз өз Мансап орталығын үнемі жетілдіреді, ол студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы және университетті аяқтағаннан соң ойдағыдай жұмысқа орналасуы үшін тиімді тәсілдер таба біледі.
  • Нархоз өз оқу жоспарына және оқыту әдістеріне онлайн-оқытуды енгізді. Университет білім беру неғұрлым қолжетімді және нәтижелі болуы үшін заманауи технологияларды жемісті түрде қолданады.
  • Нархоз басқа елдердің жоғары оқу орындарымен кең байланысқа ие, әрі өз студенттері мен оқытушыларының серіктес университеттерде оқуына және тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік береді.
  • Нархоздың студенттік өмірі серпінді, өте қызықты және қауіпсіз. Студенттер ең алдымен Нархоз-ды таңдайды.
  • Нархоздың қазақстандық бизнес-қауымдастықпен тығыз байланысы бар, олар студенттерді тағылымдамалар және жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
 
Білім беру бағдарламалары:
  • НДФ бағдарламалары
  • Экономика және менеджмент мектебі
  • Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
  • Халықаралық білім беру бағдарламалар бөлімім
  • Қаржы және технология мектебі