Жаңа құрылыс
Ғылыми Кеңес

«Нархоз Университетінің» АҚ Ғылыми кеңесі университеттің алқалы басқару формасының бір түрі болып табылады. 

Ғылыми кеңестің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілермен, Университеттің Жарғыларымен, Университеттің корпоративтік нормативтік құжаттарымен және Ғылыми кеңес туралы Ережемен басқарылады.

Ғылыми кеңестің мақсаты – академиялық бағдарламалардың сәтті жүзеге асыру мақсатында университеттің білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамына арналған қажетті жағдайларды жасау; университетті қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын бекіту; университеттің дамуына іс-әрекеттер сынды  Ғылыми кеңестің  құзіреттілігіне қатысты Университет дамуының өзекті міндетін шешуге арналған ұжымның бірігуі болып табылады.  

Ғылыми кеңестің функциясына кіреді:  Университет қызметінің негізгі бағытын анықтау, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысты жетілдіру; Университет құрылымының өзгеруі туралы ұсынысты қарау; Университеттің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізу; Университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, халықаралық, тәрбиелеу қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі сұрақтары бойынша шешімдер қабылдау;  ҚР заңнамалық бекітілген тәртіпте рұқсат етілген құжаттарды алдағы мерзімде алу құқығымен жаңа мамандықтар мен бағыттардың ашылуы туралы шешім қабылдау;  магистранттар мен PhD докторанттарының диссертациялық зерттеу тақырыптары мен ғылыми кеңесшілерді бекіту; оқудың барлық деңгейі мен формаларының оқу жоспарын бекіту;   оқулықтар, оқу құралдары және басқа  да оқу, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді басылымға ұсыну және дайындау сұрақтарын қарастыру; ғылыми атаққа ізденіс жұмыстарын қарау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте ұсыну; ҚР Президентімен тағайындалған стипендиясы  мен атаулы стипендияларын тағайындау туралы шешімдер қабылдау; халықаралық және республикалық деңгейлердегі байқауларға қатысуға кандидаттарды ұсыну; ақылы оқудан мемлекеттік білім гранттары бойынша оқуға магистранттарды ауыстыру сұрақтары бойынша шешімдер қабылдау; ректордың, проректорлардың, декандардың және басқа да құрылымдық бөлімшелер бастықтарының оқу жүргізу әдісі мен формалары, ғылыми-зерттеулер, тәрбие, ақпараттық және халықаралық қызметтер туралы жыл сайынғы есебін талқылау;     мемлекеттік төсбелгі мен құрметті атақтарға Университет қызметкерлерін ұсыну туралы сұрақтарды қарастыру.

Ғылыми кеңестің Төрағасы Университеттің ректоры,  PhD, профессор Эндрю Вахтель. Ғылыми кеңес Төрағасының орынбасары – Академиялық қызмет жөніндегі проректор, э.ғ.к., профессор Идрисова Э.Қ. Ғылыми кеңестің Ғылыми хатшысы – э.ғ.к., доцент Салимбаева Р.А. Ғылыми кеңес құрамына проректорлар, мектеп/факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері және студенттік ұйымдардың өкілдері кіреді (Ғылыми кеңес құрамын қарау).   

Ғылыми кеңес отырысы бекітілген жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес ай сайын өткізіледі   (әр айдың соңғы сейсенбі күні өткізіледі).

 

Байланыс телефондары:

Ғылыми хатшы – Салимбаева Расима Аменовна

Тел. 8 727 377 13 28

Моб.: 8 777 815 7572, 8 701 642 1148

Email: salimbaeva.rasima@narxoz.kz