Нархоз университеті Жаңалықтар. Студенттерге арналған алғашқы кредиттік карталар
<

Жаңалықтар

Жаңалықтар
28.12.2017

Студенттерге арналған алғашқы кредиттік карталар

KassaNova Банкінен

KassaNova Банкі мен Нархоз университеті "Studentcreditcards" - студенттерге арналған кредиттік карталар жаңа жобасын іске қосуда. Қазақстан нарығында алғаш рет студенттер біздің Университетте оқи отыра кредит ала алады. Кредиттік карталар иегерлерін алдан эксклюзивті дизайн күтіп алмақ.

KassaNova Банкінің кредиттік карталар жобасын іске қосу Нархозда жуырда ғана қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім-шарт шеңберінде өз жұмысын бастады. Студенттерге арналған кредиттік линия - қаржы институты мен ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастық бағыттарының бірі ғана.

Студенттерге кредит берудің халықаралық практикасы бұндай тәжірибе студенттің кредиттік тарихын құруға көмектеседі және студент бола отырып қаржылық жауапкершілікті үйрену мүмкіндігіне жол ашады.


Нархоздың түлегі Жұмабек Мамутов KassaNova Банкі басқармасы төрағасының орынбасары ретінде университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нархоз атынан келісім-шартты Стратегиялық даму және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Виктория Цай бекітті.

Ал Нархозда оқып жатқан студенттер жаңа 2018 жылы кредит алу мен карталар шығарту шарттары жайында толық мәлімет ала алады.


Бөлісу:

Сондай-ақ оқыңыз