Нархоз университеті ЭММ жаңалықтар. Бренд құру және оның кәсіпкерліктегі

ЭММ жаңалықтар

ЭММ жаңалықтар
06.12.2017

Бренд құру және оның кәсіпкерліктегі рөлі

қонақтық дәріс

23 қарашада «Экономика», «Туризм», «Менеджмент», «Маркетинг», «Әлемдік экономика» және «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» мамандықтары 2 курсының студенттері үшін «Кәсіпкерлік негіздері» курсы шеңберінде э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті М.М. Тасқұлова мен кафедраның аға оқытушысы К.Б. Сәрсенова PR-менеджер, дипломат және «Казахстанский пиар без понтов или как поднять компанию без рекламы» кітабының авторы Қуат Домбайды қонаққа шақырды. Қонақтық дәріс «Бренд құру және оның кәсіпкерліктегі рөлі» тақырыбы бойынша өтті.


 Қуат Домбай студенттерге абыройдың (репутацияның) имиджден несімен ерекшеленетіні туралы айтып берді.  Лектор брендтің тарихи (уақытша) құрамдас бөлігімен қатар маңызды факторы сенім дәрежесі болып саналатынын түсіндірді. Абырой-беделді қалыптастыру және оның өсімі екі жазықтықта – сенімде, ұлғайтылған уақытта дамиды. Репутация кредиттік сыйымдылық құрады және бұл – өз қолданушыларынан да ұзақ өмір сүруге қабілетті актив.


Бөлісу:

Сондай-ақ оқыңыз